Қолданбаны ұялы құрылғыға орнату

Қолданбаны iOS MDM ұялы құрылғысына орнату үшін:

  1. Ұялы құрылғыларды басқару қалтасындағы консоль шежіресінен Ұялы құрылғылар салынған қалтасын таңдаңыз.

    Қалтаның жұмыс аймағында басқарылатын ұялы құрылғылардың тізімі көрсетіледі.

  2. Қолданбаны орнату үшін iOS MDM құрылғысын таңдаңыз.

    Қолданбаны бір уақытта орнату үшін бірнеше ұялы құрылғыларды таңдауға болады.

  3. Ұялы құрылғының контекстік мәзірінде Пәрмендер журналын көрсету тармағын таңдаңыз.
  4. Ұялы құрылғыларды басқаруға арналған пәрмендер терезесінде Қолданбаны орнату бөліміне өтіп, Пәрмен жіберу түймесін басыңыз.

    Сондай-ақ, сіз ұялы құрылғының контекстік мәзірінен Барлық пәрмендер тармағын, содан соң Қолданбаны орнату тармағын таңдау арқылы пәрменді ұялы құрылғыға жібере аласыз.

    Нәтижесінде, профильдер тізімі бар Қосымшаларды таңдау терезесі ашылады. Тізімнен ұялы құрылғыға орнату қажет қолданбаны таңдаңыз. Бірнеше қолданбаны таңдап, ұялы құрылғыға бір уақытта орната аласыз. Қолданбалар ауқымын таңдау үшін SHIFT пәрменін қолданыңыз. Жекелеген қолданбаларды бір топқа біріктіру үшін CTRL пәрменін қолданыңыз.

  5. Пәрменді ұялы құрылғыға жіберу үшін ОК түймесін басыңыз.

    Пәрменді орындау нәтижесінде таңдалған қосымша пайдаланушы ұялы құрылғысына орнатылады. Пәрмен сәтті орындалған жағдайда, пәрмендер журналындағы пәрменнің ағымдағы күйі Аяқталды мәніне ауысады.

    Қайтадан жіберу түймесі бойынша пәрменді пайдаланушының ұялы құрылғысына тағы да бір рет жіберуге болады. Пәрмен әлі орындалмаған болса, Кезектен жою түймесі арқылы, жіберілген пәрменнің орындалуын болдырмауға болады.

    Пәрмендер журналы блогында ұялы құрылғыға жіберілген пәрмендер және осы пәрмендерді орындау күйлері көрсетіледі. Жаңарту түймесі арқылы пәрмендер тізімін жаңарта аласыз.

  6. Ұялы құрылғыларды басқаруға арналған пәрмендер терезесін жабу үшін OK түймесін басыңыз.

Орнатылған қолданба туралы ақпарат iOS MDM ұялы құрылғысының сипаттарында көрсетіледі. Қолданбаны ұялы құрылғыдан пәрмендер журналы немесе ұялы құрылғының контекстік мәзірі арқылы жоюға болады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Ұялы құрылғыларды басқаруды орналастыру

Басына оралу